Жаңалықтар

Қазақ күресінен ел чемпиондары анықталды

ашық дереккөзі

Қазақ күресінен ел чемпиондары анықталды

Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 14 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан келген 200-ден аса балуан қатысты. Алматы қаласының балуандары командалық есеп бойынша алғашқы тұғырдан көрінді. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы құрамасының балуандары еншілесе, үздік үштікті Оңтүстік Қазақстан облысының балуандары түйіндеді.  Жекелеген сында жауырына жер иіскемеген 55 келі салмақта Марат Ниғматуллаев (Алматы қаласы)  60 келіде Қуаныш Искаков (ШҚО)  66 келіде Қасымхан Төленбай (Алматы қаласы)  74 келіде Ғалымжан Әбдірахманов (Қызылорда облысы)  82 келіде Ерсұлтан Мұзафаров (ОҚО)  90 келіде Әділжан Ыстыбаев (ОҚО)  100 келіде Александр Касачев (Алматы облысы)   +100 келіде Айбек Нұғымаров (ШҚО)  Түйе балуандар бәсекесінде Айбат Сейтен (Астана) сынды балуандар алтыннан алқа тағынып, жарыс жеңімпазы атанды. Аталған ел біріншілігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан қазақ күресі федерациясы және Алматы қаласы əкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.