«Марқұм Салтанаттың ағасына рақмет»: Шерзаттың әкесі көпшілікке маңызды үндеу жолдады
Қаржаубай Нұрымов халықтан митингіге шықпауын өтінді.
«Алматы облысы Қонаев қаласының ішкі істер департаментінен келдім. Ол жерде іс оңынан қаралып жатыр. Адвокаттар келіп көмектесіп жатыр. Марқұм Салтанаттың ағасы Айтбек Аменгелдінің көмегі бар. Ол кісіге де ерекше алғыс айтамын», - дейді Қаржаубай.
Сондай-ақ ол халықтан митингіге шықпауын өтінді.
«Қантөгіс болмасын. Мен бар жерге шоғырланған адамдар, жауларым келіп пайдаланып кетуі мүмкін. Олар ертеңгі күні мені аяқтан шалу үшін көтеріліс ұйымдастырып, бауырыма қастандық жасауы мүмкін. Мен тек заң аясында әділ шешім шыққанын қалаймын. Менің ұстанымым осындай. Артық ештене сұрамаймын.
Шыны керек, қандай да ақпарат болып жатса, тікелей өзім ғана бөлісемін. монтаждалған әртүрлі видео, аудио жазбаларға сенбеңіздер! Өзім үшін қорықпаймын. Кім келсе де, қандай жағдай болсын сөйлесе алам, өз басыма жауап бере алам. Мені тек отбасымның жеке қауіпсіздігі уайымдатады.
Өтініш, ешқандай араңдатушылықа түспеңіздер!», - деді Шерзаттың әкесі.