Жаңалықтар

Астанада 12 автобустың бағыты өзгерді

istockphoto.com

Бұл өзгеріс жол жөндеу жұмыстарымен байланысты.

Астанада 12 автобустың жүретін бағдары уақытша өзгертілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

CTS компаниясының мәліметінше жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 15, 15А, 19,29,29А, 30, 40, 47, 51, 56, 55В, 121 маршруттардың қозғалыс бағыты өзгереді.

Компания Астана тұрғындарынан сапарларын алдын-ала жоспарлауды сұрайды.