Жаңалықтар

Шымкентте 18 жастағы жігіт қару ұстаған қылмыскерді тоқтатты (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

Жас жігіт көзсіз ерлікке барған.

Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесінде орналасқан ломбардтардың бірінде бетіне медициналық маска киіп алған белгісіз тұлға қолына тапаншаға ұқсас затпен ломбард қызметкерлерін қорқытып 100.000 теңге қаражат талап еткен, деп хабарлады turkystan.kz Шымкен қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ломбард ішінде тұрған 18 жасар азаматтар қылмыстың алдын алу мақсатында құқықбұзушыны тәртіп сақшылар келгенше ұстап алған. Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп құқықбұзушыны тұтқындаған. Аудандық полиция басқармасының бастығы Тілеуов Нұржан өз кезегінде жасөспірімді танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.