Жаңалықтар

Желіде Мақпал Жүнісованың әнін тыңдап отырған иттің видеосы пайда болды

видеодан алынған скрин

Видеоны әлеуметтік желіде Papa_Mailo аккаунтының иесі жариялаған.

Бейнежазбадан диван үстінде жатқан иттің әншінің өнерін тапжылмай көріп отырғанын байқауға болады, деп жазды turkystan.kz.

«Итім Мақпал Жүнісованың әнін тыңдап отыр. Өзі құйрықпен билеп қояды. Биле-биле. Жарайсың! Көре ғой. Мен саған кедергі болмайын», - дейді итін еркелете сөйлеген видео авторы.

Иесінің айтуынша иттің аты – Майлыбек. Аталған видеоны әншінің өзі де әлеуметтік желісінде бөліскен.

«Мұндай тыңдарманды алғаш көріп тұрмын. Видеоңызға рахмет!», - деп жазды М. Жүнісова.