АҚШ-қа 100 жылда болмаған алапат дауыл жақындап келеді – синоптик эфирде жылап жіберді
АҚШ-қа 100 жылда болмаған алапат дауыл жақындап келеді. Синоптик тұрғындарды не күтіп тұрғанын айтып, эфирде жылап жіберді, деп хабарлайды BBC.
Бұл сұрапыл дауыл! 10 сағат ішінде ауа қысымы 50 миллибарға төмендеді. Кешіріңіздер, бірақ бұл өте қорқынышты, – деді ол.
Табиғат апаты бейсенбі күні Флоридаға жетеді, оның эпицентріндегі желдің жылдамдығы 257 км/сағ болады. Миллиондаған адам терезелерін шегелеп, үйлерін тастап жатыр.