Жаңалықтар

Қызылорда облысында бухгалтерлер 213 млн теңге жымқырған

istockphoto.com

Қазір қылмыстық іс сотқа жолданған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Данияр Бигайдаров Жаңақорған ауданының білім бөлімінің бұрынғы басшысына, оның қарамағында қызмет еткен бас бухгалтер мен бас экономиске, сондай-ақ мектептердің 24 бухгалтеріне қатысты тергеудің аяқталғанын айтты, деп жазады turkystan.kz.

Оларға 213 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айып тағылған.

Бухгалтерлер мен білім бөлімінің басшылығы ақшаны мектептерде жұмыс істемейтін адамдарға жалақы түрінде аударған.

Сонымен қатар бас бухгелтерге қылмыстық жолмен алынған 6,5 млн теңгені заңдастырды деген айып тағылған.

2023 жылдың басынан бері білім саласында 287 қылмыстық іс тіркелген. Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында аса ірі мөлшердегі ақша ұрлау фактілері анықталған. Қылмыс жасаған 386 тұлға анықталып, оның 207-сі сотталған.