Қарағандыда әнші Виктор Цойға ескерткіш орнатылмақ

Қарағандыда әнші Виктор Цойға ескерткіш орнатылмақ

Қарағандыда әнші Виктор Цойға ескерткіш орнатылмақ
ашық дереккөзі
Қарағанды қаласының билігі совет заманындағы танымал рок-музыкант Виктор Цойға ескерткіш орнатылатынын хабарлады деп жазады жергілікті БАҚ.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі ескерткіш тұрғызу жоспары жайлы Қарағанды билігінің қоғамдық қорлардың бірімен бірге қол қойған меморандумға байланысты мәлімдеген. Меморандумда Олимпиада көшесіндегі скверді абаттандыру жобасын жүзеге асыру қарастырылған. «Бұл жобаның қорытынды бөлігінде белгілі әнші, музыкант, актер Виктор Цойға ескерткіш орнатылады» делінген Қарағанды әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратында. Жоба құны қанша тұратыны сәуір айында жария етілмекші.