Алдағы күндері аяз болады
Синоптиктер циклон келетінін айтып отыр.
«Қазгидромет» РМК 10-12 қазан күндеріне арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
10 қазанда Қазақстанның батыс аймағына, одан кейін басқа аймақтарға циклон әсер етеді. Жел секундына 15-29 метрге дейін жетіп, жауын-шашын түседі. Сырма жүреді, көктайғақ болады.
Елдің оңтүстік және шығыс аймақтарында найзағай ойнап, күн күркірейді. Таулы аудандарда нөсер жауып, тұман түседі.
«Апта соңына дейін батыста күндіз 5-13 градус, оңтүстікте 20 градус, орталық пен шығыста 5-13 градус жылы болады. Солтүстікте 1-5 градус аяз болады», - делінген баспасөз хабарламасында.