Жаңалықтар

Доллар бағамы 490-нан асып кетті

istockphoto.com

Ұлттық банктің 9 қазанға белгілеген ресми бағамы 486,44 теңге.

KASE қазақстандық қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың бағасы 489,06 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ал ақша айырбастау пунктері мен екінші деңгейлі банктерде бір доллардың бағасы 491 теңгеге жетті.

Алматының ақша айырбастау пунктерінде сатып алу бағасы - 490,90 теңге болса, Астананың валюта айырбастау пунктерінде 490,98 теңгеден тұр.

Ал Kaspi-дегі бағам 491,5 теңге.