Жаңалықтар

Америкалық әуе компания қысқа киім киген жолаушыларды ұшақтан шығарып жіберген

Америкалық Spirit Airlines әуе компаниясы жолаушыларға арналған дресс-код енгізген. Одан бейхабар екі жолаушы қызды қысқа жейде кигені үшін ұшақтан шығарып жіберген. Басында бортқа олар жемпір киіп кірген. Салон іші ыстық болған соң, жемпірлерін шешкен. Бортсерік екеуінен жабық киім киюін өтінген, алайда жолаушылар тыңдамай қойған.

Әуе компаниясының өкілдері экипаж ол жолаушыларды ұшаққа кіргізбеуге құқылы екенін айтады. Себебі 60 бетті қамтитын ұшу туралы келісімде жабық киім кию туралы пункт бар. Ал жолаушылар билет алған кезде ол келісімге қол қояды.