Жаңалықтар

Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары 68 млн теңге парамен ұсталды

istockphoto.com

Олар кәсіпорындардың 570 млн теңге салықты негізсіз төлеу бойынша ақпаратқа қол жеткізіп, делдал арқылы фирма өкілінен ақша талап еткен.

Астана және Алматы қалаларында Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды. Бұл турлы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров мәлім етті.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлық агенттігінің департаменті Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерлік субъектілерінен пара алғанын әшкерелеген.

«Астана және Алматы қалаларында ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармасының басшылары әшкереленді. Олар кәсіпорындардың 570 млн теңге салықты негізсіз төлеу бойынша ақпаратқа қол жеткізіп, делдал арқылы фирма өкілінен ақша талап еткен.  68 млн теңге пара алу кезінде қаржы министрлігінің лауазымды адамдары мен делдал ұсталды», – дейді Бегайдаров.

Оның айтуынша, ведомствоның өзге лауазымды тұлғаларының қылмысқа бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу аяқталған жоқ.