«8 жасынан бастап»: Ақтөбеде 14 жастағы қызды туыс ағалары зорлап келген
26 жастағы және 20 жастағы туыс ағасы оны 8 жасынан бастап зорлаған.
Анасының айтуынша, соңғы кездері қызының мінез-құлқы өзгеріп, тұйық болып, депрессияда жүрген.
23 қыркүйекте жеке қалған кезде жеңгесі қызды құшақтап, не болғанын айтып беруін өтінген. Сол кезде 14 жастағы жасөспірім бар шындықты айтып берген.
«26 жастағы және 20 жастағы туыс ағасы оны 8 жасынан бастап зорлаған. Ешкім күдіктенбеген. Сөйтсе гаражда немесе үйде ешкім болмаған кезде құйтырқы әрекеттерін іске асырған. Бұл жігіттер әйелдің көз алдында өскен, оларды 2 жастан және 8 жастан баққан. Қыз да жігіттердің көз алдында өсті. Сол үшін мұндай қорқыныш ойына да келмепті», – деді құқық қорғаушы.
Осы оқиғадан кейін қыздың анасы полицияға арыз жазып, төрт баласымен сол үйден кетіп қалған.
«24 қыркүйекте полиция бұл күдіктілерді ұстағанымен, екі күннен кейін олар бостандыққа шықты», – дейді адвокат.
Әйел осы жағдайдан кейін жұмысын тоқтатты. Себебі қызын бақылап, мектепке апарып, алып кетеді.
«Бопсалау және зорлық-зомбылық әрекеттері туралы арыз тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот олардың соттылығының жоқтығын, кәмелетке толмаған балаларының болуын ескере отырып, үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Тұрғылықты жері бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп түсіндірді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық істі тергеудің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.