Экс-министр Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сот бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты.
Сот қамауда ұстау мерзімін 19 қыркүйекте бірден үш айға ұзартқан. Бұл туралы tengrinews.kz сілтеме жасап turkystan.kz хабарлайды.
«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты күдікті М.Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау шарасын 2024 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция берді», - делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше Марат Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс тергеуі аяқталған. Қазір қылмыстық іс қатысушылары іспен танысып жатыр. Содан кейін іс сотқа жолданады.