Жаңалықтар

Айжұлдыз Адайбекова: «Ұзатуыма жақындарымды ғана шақырамын»

Ашық дереккөзден алынған

Әнші Жанар Айжанованың қызы бұл туралы Revue news бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова тойға қызу дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сәкен ұлан-асыр үйлену тойын жасағысы келеді. Менің ұзату тойымда ешқандай блогер, әртістер болмайды. Тек жақындарым мен бауырларымды ғана шақырамын. Тойға дайындық қызу жүріп жатыр. Нақты күні мен айы белгілі болғанда жариялаймыз", – деді ол. 

Айжұлдыз Адайбекова үйленген соң бірге немесе бөлек тұратыны туралы нақты шешім қабылдамағанын жеткізді. 

"Адам толық бақытты болған кезде, неге оны жарияламасқа?! Біз де өзімізді толық бақытты сезінгеннен кейін, жариялауды жөн көрдік. Біздің бірге тұрып жатқанымызды ел талқылап кетті. Екеуміздің ортақ баспанамыз бар. Одан кейін бөлек пәтерлеріміз де бар. Қалаған кезде бөлек және бірге тұра береміз. Жеке кеңістігімізді сақтаймыз. Бір-біріміздің шығармашылық жолымызға кедергі келтірмейміз", – деді блогер.