Жаңалықтар

Шымкентте 10 оқушы уланып қалды

istockphoto.com

Бұрыш спрейін мектепке әкелген оқушылар Тұран аудандық полиция бөліміне заңды өкілдерімен жеткізілді.

«Зере» мектебінің 10-сынып оқушысы ойнап жүріп бұрыш спрейін (перцовый баллончик) терезеге қарата шашқан. Уланған 10 оқушы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға бүгін сағат 12:25 шамасында болды.

«Мектептен 10 оқушы өзінің мазасыз сезінуіне байланысты алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем көмегімен Шымкент қалалық токсикологиялық ауруханасына жеткізілді. Оқыс жағдайдан кейін оқушылар үйіне қайтарылды. Қазір жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта мектеп ғимараты зарарсыздандырылған. Мектепте оқу процесі 1 ауысымда жүргізілетін болғандықтан, оқу ертең жалғастырылады» - делінген басқарма тарапынан ұсынылған ақпаратта.

Ал, бұрыш спрейін (перцовый баллончик) мектепке әкелген оқушылар алдын ала тергеп-тексеру үшін Тұран аудандық полиция бөліміне заңды өкілдерімен жеткізілді.