Жаңалықтар

Ақын Құрманай Бақтиярқызы Мақпал Жүнісоваға құрмет көрсетті (ВИДЕО)

instagram/zhunusova.makpal

Белгілі ақын Мақпал Жүнісоваға үлкен гүл шоғын тарту етіп, қолынан сүйген.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова  Құрманай Бақтиярқызымен кездескен кезінен желіде видео жариялады. 

Видеода Құрманай Бақтиярқызының той үстінде эстрада жұлдызымен амандасып, ерекше құрмет көрсеткенін көруге болады.

Белгілі ақын Мақпал Жүнісоваға үлкен гүл шоғын тарту етіп, қолынан сүйген. 

«Мен үшін жүрегі де, білегі де қыздай Мақпал ханым ғой. Мақтадай әппақ Мақпалым деп тегін айтпаған ғой. Алла разы болсын бұл кісіге. Жүргенде жолы болсын, барғанда орны болсын. Көзілдірігі көзінде, даналығы сөзінде, Зәкеңді кезінде таңғалдырған, тамсандырған әнші. Бұлбұлым менің», - деді ол.