Жаңалықтар

Қостанайлық өрт сөндірушілер Ресейден келген өртті сөндірді

ТЖМ

Қостанай облысының құтқарушылары Ресеймен шекарада тұтанған өртті жедел түрде сөндірді.

Ресей Федерациясының аумағында тұтанған өрт Қазақстан аумағына өткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Термальды нүктелерге мониторинг жүргізу барысында Қостанай облысының Жетіқара ауданының маңында өрт ошағы байқалған.

Жел өрттің жылдам таралуына себеп болған. Өрт ошағының алыста болуы да құтқарушылар жұмысын қиындатқан. Дегенмен өрт сөндірілді.

«Өрт 1400 шаршы метр ауданды қамтыды. Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, өртті сөндірді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.