Жаңалықтар

Астанадағы тастанды ғимараттан табылған қыздың өлімінің себебі белгілі болды

istockphoto.com

Жасөспірім газдан уланған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы 14 жастағы Аурелияның газдан уланғанын көрсеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сот-медицина сараптамасы қыздың газдан қатты улану себепті көз жұмғанын көрсетті. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жарияланбайды», - деді Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 14 жастағы жасөспірімнің денесі 10 қыркүйек күні мектеп жанындағы адам тұрмайтын ғимараттан табылған болатын.