Жаңалықтар

Теміртауда аш иттер өз қожайындарының мәйітін жеген

istockphoto.com

Көршілері сол пәтерден жағымсыз иіс шығатынын айтып, арыз түсірген.

Өрт сөндірушілер мен полицейлер Теміртау қаласындағы Уәлиханов көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі пәтердің есігін ашып кіргенде адам шошырлық көрініске тап болған, деп жазады turkystan.kz.

Пәтерден бір әйел мен екі ер азаматтың мәйіті табылған. Үйдегі иттер мәйіттерді жеген. Кинологтар иттерді ұстаған.