Спорт

Қазақстандық жас каратэшілер әлем чемпионатында 3 алтын жеңіп алды

Әлем чемпиондары: Дима Коровченко, Еркокше Жумагазыұлы, Жания Бақытжан

Қазақстандық жас каратэшілер Жапонияда өткен World Sobaki Challenge жарысында жеңіске жетті.

Фукуокада өткен Enshin Karate бойынша әлем чемпионаты — World Sobaki Challenge жарысында қазақстандық жас спортшылар тамаша нәтиже көрсетіп, көп марапатқа ие болды. Жапондық Enshin каратэсінің отанында өткен маңызды турнирдің нәтижесі:

Әлем чемпиондары: Дима Коровченко, Еркокше Жумагазыұлы, Жания Бақытжан

Күміс жүлдегерлер: Алексей Колычев, Амина Раббани, Ерасыл Тастеміров, Жамиля Асхатқызы

Ең үздік техника үшін марапат: Шұғыла Бауыржанқызы, Дариға Нұралинова

Айта кетейік, бұл чемпионатқа Жапония, АҚШ, Ресей, Австралия, Сауд Арабиясы, Польша, Швеция, Чили, Швейцария, Қазақстан, Оңтүстік Корея сияқты елдер қатысты.