«Басымды иемін»: Гауһар Әлімбекова тыңдармандарына жазба арнады

7 қазан, 2024 / Өтей Торғайұлы
сурет ашық дереккөзден алынды
Әнші Гаухар Әлімбекова 53 жасқа толды.

Танымал әнші Гаухар Әлімбекова туған күніне орай оқырмандарына әсерлі жазба жария етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Гаухар Әлімбекова көптеген жылдар бойы тыңдарман болған халқына алғысын жеткізді.

«Басымнан қандай қиындықтар өтіп, алдымнан көптеген кедергілер шықса да, маған деген көзқарасы өзгермеген, әндерімді сүйіп тыңдайтын менің тілеулес-жанашырларыма, патша көңіл көрермен-тыңдармандарыма көптен-көп алғыс айтып, алдарында құрметпен басымды иемін. Сіздерді жаңа әндермен қуанта беремін», - деп жазды Гаухар Әлімбекова Instagram желісіндегі парақшасында.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Гауһар Әлімбекова (@gauhar_alimbekova_official)

Тэгтер:

әнші Туған күн шоу бизнес