Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бизнесмен Кеңес Рақышевты өзінің демеушісі ретінде таныстырды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Кеңес Рақышев ағам! Әр жекпе-жегіме қолдауын көрсетіп, Qazaq style-дың тарихта қалуына, көк тудың желбіреуіне үлкен үлесін қосып жүрген ағам! Бұйыртса бірге 4 титулды жинаймыз», - деді боксшы Жәнібек Әлімханұлы.
Еске сала кетсек, 4 қазан күні кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Аустралияның Сидней қаласында өткен бокс кешінде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті айқын басымдықпен ұтқан болатын.