Екі облыста таралған өрттің аумағы 21 мың гектарға жетті (ВИДЕО)
Павлодар мен Қарағанды облысының шекарасында өрт аумағы жеті есеге ұлғайып, 21 мың гектарға жетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге барлығы 401 адам жұмылдырылған.
Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша өрт аумағы 21 мың гектар болды. Барлығы 401 адам (Төтенше жағдайлар министрлігі, Төтенше жағдайлар департаменті т.б.), Төтенше жағдайлар департаментінің 68 техникасы, үш ұшқышсыз ұшатын аппараты және екі МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды, – делінген хабарламада.