T-LIFE

"1 сағаттық ереже": зерттеушілер әлемдегі ең бай адамның таңғы дағдысы өмір сапасын жақсартатынын дәлелдеді

сурет: Getty Images

Таңертең телефон қолданудан бас тарту – ақыл-ойды шыңдап, денсаулықты жақсартуға көмектеседі.

Әлемдегі ең бай адам саналатын Джефф Безостың таңғы әдеттерінің бірі – «1 сағаттық ереже». Бұл әдет оның ойлау қабілетін жақсартқанын мәлімдеген болатын. Жақында жүргізілген нейробиологиялық зерттеулер бұл тәжірибенің көп адамға пайдалы болуы мүмкін екенін растап отыр. 

2018 жылы Вашингтон экономикалық клубында сөйлеген сөзінде Безос өзінің таңғы әдеті туралы айтқан. Оның таңғы уақытты өткізу жоспарына газет оқу, кофе ішу және отбасымен таңғы ас ішу кіреді. Айта кетерлігі, ол бұл уақытта ұялы телефонды қолына алмайды. Жақында People журналына берген сұхбатында оның жұбайы да олардың телефонды таңертең қолданбайтынын растады: «Бұл – біздің ережелеріміздің бірі».

Безостың таңертең телефон қолданбау туралы шешімінің бір бөлігі жеке таңдауымен байланысты болуы мүмкін. Адамдардың энергия деңгейлері мен ақпаратқа төзімділігі әртүрлі болғандықтан, мамандар әркім өз ырғағына сәйкес әрекет еткенде тиімдірек жұмыс істейтінін айтады. Бірақ Безос бұл ереже тек өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар шешім қабылдау қабілетіне де оң әсер ететінін атап өткен. Ол баяу басталған таңдары күнделікті энергия деңгейін жақсартып, тиімділігін арттыратынын алға тартады.

Нейробиологиялық зерттеулер оның пікірін растап отыр. Таңертең телефон қолданудан бас тарту – ақыл-ойды шыңдап, денсаулықты жақсартуға көмектеседі. Стэнфорд университетінің Lifestyle Medicine Program бағдарламасының өкілі Марис Леффлердің айтуынша, егер таңертең ұялы телефонда бір сағат уақытыңызды өткізсеңіз, ол бірден әсер етпеуі мүмкін. Бірақ бұл әдет күн сайын қайталана берсе, денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.