Жаңалықтар

«Бірге қызмет еттік»: Мақпал Жүнісова марқұм Гүлнәр Сиқымбаева туралы жазба жариялады

Мақпал Жүнісова

Өнер иесі жас кезінде Сиқымбаевамен бірге қызмет етіп, бір жатақханада тұрғанын мәлім етті.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова өмірден өткен Гүлнәр Сиқымбаева туралы естелігін жазды. 

Өнер иесі жас кезінде Сиқымбаевамен бірге қызмет етіп, бір жатақханада тұрғанын мәлім етті. 

«Әріптесім Гүлнәр Сиқымбаева өмірден озды деген суық хабар жеткенде бірге «Гүлдер» ансамблінде қызмет еткен кездер, жатақханада бірге тұрған жылдар көз алдыма тізбектеле берді. Өте қарапайым, көкіректігі жоқ, адами қасиеті мол қыз еді. Кейін мен «Гүлдер» ансамблінен кетіп, Қазақконцертке кеткесін сирек жолығатын болдық. Бірақ жолыға қалсақ арқа-жарқа боп, өткен жылдарымызды еске түсіріп, жақсы әңгіме айтып, сол шақтың қайтып оралмайтынына күрсініп қоятынбыз. Енді небәрі 63 жасында қоштасып қала бердік. Жаның жәннаттың төрінде болсын, Гүлнәр замандас. Байыр балаң, немерелер ғұмырлы болсын, жақыдарына қайғырып көңіл айтамыз. Қош бол, замандас»,  – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, қазан айының басында белгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден озған болатын. Бұл туралы журналист Оралхан Дәуіт желідегі парақшасында жариялады.