Атырауда жас жігіт әке-шешесін өлтіріп, сосын өзіне қол салған
Атырау облысының полициясы екі қылмыс: адам өлтіру және өзін-өзі өлтіру фактілері бойынша істі тергеп жатыр.
Ерлі-зайыптылардың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Олардың ұлының да денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Алдын-ала дерек бойынша 25 жастағы жігіт 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, сосын өзіне қол салған. Қазір жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Атырау облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.