Жаңалықтар

Жетісу облысында 3 бухгалтер 34 млн теңге жымқырған

istockphoto.com

Жетісу облысының Кербұлақ ауданының прокуратурасы білім бөлімдері бухгалтерлерінің бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады.

2021-2023 жылдар аралығында үш бухгалтер білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға еңбекақы мен еңбек демалысы төлемін заңсыз аударған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Келген шығын көлемі 34 млн теңге.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, қылмыстық іс «алаяқтық» бабымен сотқа жолданды.

Сот үкімімен бухгалтерлер кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 ай мерзімше бас бостандығынан айырылды. Шығын мемлекет кірісіне толықтай қайтарылды.