Жаңалықтар

Халықтық штаб елді алаңдатқан сауалдың бәріне жауап берді – депутат

Ғаламтор

Кеше АЭС жөніндегі референдум өз мәресіне жетіп, алғашқы Exit poll нәтижелері шықты.

Осы орайда халықтың референдумға белсене қатысуына Халықтық штаб мүшелері жүргізген жұмыстар зор септігін тигізді. Штаб мүшесі Максим Рожин халықты алаңдатқан сауалдың бәріне жауап бердік дейді.

«Amanat» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама бойынша дауыс бергендердің 72,3%-ы «иә» десе, 27,7%-ы «жоқ» деп дауыс берген.

Ал Еуразиялық интеграция институтының зерттеуі бойынша сауалнамаға қатысқандардың 71,8%-ы «иә», 28,2%-ы «жоқ» деп дауыс берген.

Бұл тек сауалнамалар нәтижесі, алдағы уақытта Орталық сайлау комиссиясының соңғы нәтижелері жарияланады, бірақ осы exit poll, нәтижелеріне қарасақ сайлаушылардың төрттен үш бөлігі АЭС мәселесіне қатысты қолдау білдірді.

Халықтық қолдау штабы жүргізген жұмыс нәтижесі деп білемін. Өзім сол штабтың мүшесі ретінде Жанарбек Әшімжан  ағамен бірге Алматы облысын түгел аралап келдім. Жер-жерде азаматтармен көп кездесу өткіздік, әрине жұртшылықта АЭС мәселесіне қатысты уайым бар болғанымен, оның басым бөлігі ақпараттың жоқтығынан екенін байқадым. Халыққа өзекті ақпаратты жеткізу мамандар тарапынан аз болды деп ойлаймын.

Азаматтар қойылған сұрақтарға жауапты Халықтық қолдау штабы мүшелерінен алды, сонымен бірге өзекті ақпараттың жоқтығына көп налыды. Осы тұрғыдан Халықтық штаб мүшелері аумақта жүргізген жұмыс барысында, халықты алаңдататын сұрақтарға жауап бергені осы референдумның өтуіне сөзсіз септігін тигізді», – деп жазды депутат.