Жаңалықтар

Қостанайда белгісіз біреулер жануарлар орталығындағы иттерді жаппай улаған

istockphoto.com

Иттердің жаппай уланғаны жайлы ақпарат жергілікті пабликтердің бірінде жарияланды.

Кінәлілердің кім екенін айтқан адамға сыйақы да тағайындалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жануарлар орталығының (приют) өкілі видео үндеу түсіріп, иттерді улаған адамдарды іздеп жатқандарын хабарлады. Оқиға 5-6 қазан күндері болған.

«Бұл сұмдық қылмысты істеген адам аумақтағы барлық видеобақылау камераларының қайда орналасқанын білген. Иттердің жаны азапқа түсіп өлген, ауыздарынан қан мен көбік ағып жатыр. Кінәлілерді табуға көмектесулеріңізді сұраймын», - дейді ерікті Анастасия Серікқызы.