Жаңалықтар

"Ақша аудармаңыз": Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дабыл қақты

Sputnik / Ертай Сарбасов

Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды пайдалануға көшкен

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде алаяқтар агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар ашып, жалған ақпарат таратып жатқанын ескертті.

Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, жолдайды.

"Жалған ақпаратқа сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ ақша аудармауды сұраймыз", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Осындай қоңыраулар мен хабарламалар алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлау керек.