Жаңалықтар

"Бақылаушыларымыз 10 аймақты жіті бақылады" – Бақылау қырандары

freepik.com

Бұл туралы Нұрболат Нышанбай хабарлады

Бақылау қырандары референдум аясындағы байқаушылық жұмысын аяқтады. Бұл туралы Бақылау қырандары тобының бастамашысы Нұрболат Нышанбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Осымен референдум да аяқталды. Жалпы алғанда оған қазірдің өзінде оң баға беруге болады.

Біз бір ай бойы жұмыс жасадық. “Бақылау қырандары” қозғалысын құрып, бақылаушыларды оқыттық. Бүгін бақылаушыларымыз 10 аймақта бақылаушылық атқарды. Қазір қыз-жігіттердің бәрі учаскелерден шығып, үйлеріне қайтты. Түсінемін. Шаршады, шалдықты. Алайда азаматтық борыштарына адал болды. Барлығыңызға көп рахмет. Қолдаған жандарға, бақылаушыларға. Бәріне, бәріне алғыс! Осы мақсатты абыроймен атқардық деп сенемін.

Біздің жұмысқа қатысты ертең толық, нақты ақпарат беретін боламыз. Жариялап, қорытындылаймыз", – деп жазды ол.