Жаңалықтар

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды ауа сапасы

istockphoto.com

 «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Cиноптиктердің болжамы бойынша, 7 қазанда Ақтөбе қаласында, түнде Қостанай, Атырау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.