Жаңалықтар

Референдум: Тұрғындардың 64 пайызға жуығы дауыс берді

vlast.kz/Алмас Қайсар

Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87%-і бюллетень алды.

Оның ішінде: 1. Абай облысы бойынша – 69,57 % 2. Ақмола облысы бойынша – 71,63 % 3. Ақтөбе облысы бойынша – 75,11 % 4. Алматы облысы бойынша – 68,71 % 5. Атырау облысы бойынша – 63,28% 6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,03% 7. Жамбыл облысы бойынша – 61,28% 8. Жетісу облысы бойынша – 68,01 % 9. Қарағанды облысы бойынша – 72,12% 10. Қостанай облысы бойынша – 73,45% 11. Қызылорда облысы бойынша – 82,48% 12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,03% 13. Павлодар облысы бойынша – 65,09% 14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 66,31% 15. Түркістан облысы бойынша – 75,31% 16. Ұлытау облысы бойынша – 70,69% 17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 73,79% 18. Астана қаласы бойынша – 50,81% 19. Алматы қаласы бойынша – 25,39% 20. Шымкент қаласы бойынша – 70,57%.

Айта кетейік, республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.

Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан аспауға тиіс.