Спорт

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының финалы өтеді

MidoSemsem/ depositphotos.com

Финалда Бразилия мен Аргентина кұрамалары кездеседі

Бүгін, 6 қазанда Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионатының шешуші матчтары өтеді.

Төртжылдықтың басты турнирінің финалында Бразилия мен Аргентина кұрамалары кездеседі. Сонымен қатар бүгін үшінші орын үшін матч өтеді, онда Франция мен Украина құрамалары ойнайды.

Әлем чемпионатының шешуші матчтарын QazSport арнасынан тікелей эфирде көруге болады. Франция мен Украина арасындағы ойын 17:20-да басталады, ал футзалдан әлем чемпионатының финалы 19:50-де басталады.