Спорт

16 жастағы қазақстандық теннисші Бейжіңдегі турнирдің чемпионы атанды

instagram.com/ktf.kz/

Матч нәтижесі 6:7; 6:0; 6:4 есебімен Амир Омархановтың пайдасына шешілді

Қазақстандық теннисші Амир Омарханов Қытайда өткен J300 сериясындағы жасөспірімдер турнирінде жеңіске жетті.

Жартылай финалда қиын камбэктан кейін, шешуші матчта 16 жастағы қазақстандық теннисші ұлыбританиялық Оливер Бондингке алғашқы сетте тай-брейкте (7:6 (7:4)) есе жіберді. Алайда келесі партияларда Омарханов қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жеңіске жетті.

Матч нәтижесі 6:7; 6:0; 6:4 есебімен Амир Омархановтың пайдасына шешілді.

Қазақстан теннис федерациясының (ҚТФ) баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жеңіс Амирдің әлемдік жасөспірімдер сериясы турнирлеріндегі жекелей разрядтағы алтыншы жеңісі болды.

“Бұған дейін ол Таиландта (J300), Кореяда (J300), Мысырда (J100), Грузияда (J60) және өз отаны Қарағандыда (J60) жеңіске жеткен болатын. Бейжіңдегі табысының арқасында Амир ертең жаңартылған ITF жасөспірімдер рейтингісінде әлемнің үздік ондығына енеді”, - деп хабарлады ҚТФ.