Жаңалықтар

Референдум: Еуропадағы отандастарымыз белсенді түрде дауыс беріп жатыр

сурет: СІМ баспасөз қызметі

Еуропадағы отандастарымыз референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады

Қазақстандықтар Еуропа елдерінде, оның ішінде Болгария, Грекия, Латвия, Литва, Румыния, Финляндия, Эстония, Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Нидерланд, Норвегия, Польша, Словакия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция мен Ұлыбританияда референдум учаскелерінде дауыс беруді жалғастыруда.

Сонымен қатар дауыс беру Оңтүстік Африка, Эфиопия, Мысыр, Иордания, Қатар, Сауд Арабиясы және Кувейтті қоса алғанда, Таяу Шығыс пен Африка елдерінде де өтіп жатыр.