«Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары референдумға қатысты
Балқашта бір әулеттің төрт буыны сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келді.
Қалабаевтар отбасы «Мерейлі отбасы» конкурсында жеңімпаз атанған, деп хабарлайды “Северное Прибалхашье” басылымы.
Бүкіл отбасы болып жиналып, референдумға қатысып, дауыс берді.
«Бұл біз үшін мереке. Сондықтан бәріміз ұлттық киіммен келдік. Тіпті бойына патриоттық сезім ұялатайық деп кішкентай баламыздың өзін алып келдік», - дейді отағасы.
Сайлау учаскесіне бүкіл әулеттен 10 адам келген.
«Әр адамның даусы маңызды. Еліміздің ертеңі қандай болатыны бізге байланысты», - дейді олар.