Спорт

Шымкенттегі турнирде жеңіске жеткен қазақстандық боксшылар қанша көлемде сыйақы алды?

Видеодан алынған кадр

Турнирге әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай, Сәкен Бибосынов, Теміртас Жүсіпов және Махмұд Сабырхан қатысқан

Қазақстан бокс федерациясы Совет Одағының Батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдегі медальдер үшін берілген жүлде сомасын жариялады.

Шымкентте өткен турнирге Қазақстанның жетекші боксшылары, соның ішінде әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай, Сәкен Бибосынов, Теміртас Жүсіпов және Махмұд Сабырхан қатысқан.

“Жүлдегерлерге ақшалай сыйақы берілді: 1-орын – 150 мың теңге, 2-орын – 100 мың теңге, 3-орын – 50 мың теңге”, – деп мәлімдеді федерация.

Шымкенттегі турнирдің чемпиондары атанған қазақстандық боксшылар: Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), Дамир Әбдіқадір (51 келіге дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (57 келіге дейін), Бейбарыс Жексен (60 келіге дейін), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келіге дейін).

Сондай-ақ, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (67 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (71 келіге дейін), Диас Молжігітов (75 келіге дейін), Ерасыл Жақпеков (81 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (86 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (92 келіге дейін) және Айбек Оралбай (92 келіден жоғары).