Жаңалықтар

Халық бір кісідей келіп, азаматтық ұстанымын көрсетуде – бақылаушы

Бүгін елімізде өтіп жатқан референдумның заңға сай өтуін бақылаушылар жіті бақылап отыр.

Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданында орналасқан №367 сайлау учаскесіне бақылаушы болып бекітілген Берік Әбділов референдум барысын баяндады.

«Ауданда референдум ойдағыдай өтуде. Таңғы сағат жетіден бастап заңнамаға сәйкес басталды. Қариялар да, орта жастағы азаматтар мен жастар да қалмай келіп, белсенді қатысып жатыр. Кішкентай сәбилерін ертіп келген кісілер көп. Өнер адамдары да бар. Бәрі бір адамдай келіп, азаматтық ұстанымдарын көрсетуде. Халық белсенді. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ», – дейді ол.