Жаңалықтар

Жетісай ауданында батыр Амангелді Имановтың шөбересі референдумда дауыс берді

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жетісай ауданы Ж. Ералиев ауылдық округі Бәйтерек елді мекенінің тұрғыны, ұлт-азаттық көтерілісінің сардары, батыр Амангелді Имановтың шөбересі Ғалымжан Нұрахов та бүгінгі референдумда дауыс берді.

Ал батырдың немересі Рысбай Рахымбаев 10 перзентінен бүгінде 50-ден астам немере сүйіп отыр. Бүгінгі өтіп жатқан референдумда батырдың ұрпақтары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады.

«Аллаға шүкір, еліміз тыныш, шекарамыз бүтін, ұйқымыз қанық, қарнымыз тоқ. Біздің ендігі мақсатымыз – қол жеткізген жетістіктеріміз бен жеңістерімізді сақтап, одан әрі дамыту. Ол үшін бүгінгі жасайтын таңдауымыз үлкен маңызға ие»-дейді батырдың шөбересі Ғалымжан Нұрахов.