Қоғам

Ақтөбеде ер адам көшедегі көліктерден 3 млн теңгеден астам ақша ұрлаған

istockphoto.com

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтөбеде 34 жастағы ер адам бірнеше көліктен ақша ұрлаған.

Ол сканерлеу құрылғысының көмегімен көліктің дабылын өшіріп, құнды заттарды қолды қылған.

Автокөліктен миллион теңгеден астам ақша ұрланғаннан кейін күдікті көп ұзамай ұсталды. Кейінірек ер адам жалпы шығын үш миллион теңгеден асатын тағы бірнеше ұрлық жасағанын мойындады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.