Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қойылатын талаптар күшейтілмек
"Біз "ақ дақтарды" (әлі интернеті жоқ жерлер) анықтадық. Елімізде 350 ақ дақ бар екен. Жоспар дайындадық. Қазір ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісіп, әкімшілік ғимараттарда да орнатамыз деп шештік. Құпия ақпарат өңделмеген жер болуы керек. Әкімдіктермен біз республикалық магистральдарда ұялы байланыс операторлары базалық станцияларды орнатуы үшін антенналық діңгек құрылымдарын орнату жоспарына қол қойдық", – деді ол.
Айтуынша, базалық станциялардағы радиосигнал деңгейін арттыруға мүмкіндік беру үшін денсаулық сақтау министрлігімен келіссөздер жүргізілді.
“Қалалар өсіп жатыр, ұялы байланыс операторлары соған ілесу керек. Енді біз ұялы интернет арқылы қамтамасыз ететін ең төменгі шекке қойылатын талаптарды да біршама күшейтіп жатырмыз. Қазір 5G базалық станцияларындағы ең төменгі шекті секундына 10 мегабиттен 50 мегабитке дейін көтеріп жатырмыз. Әрі қарай оны 4G үшін де күшейте аламыз, сонымен қатар 3G-ден 4G және 5G-ге ауысу үшін жоспар құрып жатырмыз.", – деді министр.