"Референдумға аға буын өкілдерімен қоса жастар көп келіп жатыр"– бақылаушы
Оның айтуынша, дауыс беруге келген халыққтың көңіл күйі өте керемет. Сондай-ақ ол аға буын өкілдерімен қоса жастар да көп келіп жатқанын атап өтті.
«Қонаев қаласы №937 дауыс беру учаскесіне «AMANAT» партиясынан бақылаушы болып тіркелдім. Қазірдің өзінде 500-ге жуық қала тұрғыны өз таңдауын жасап, дауыс беріп үлгерді. Халыққтың көңіл күйі өте керемет, көтеріңкі. Бір қуантары, аға буын өкілдерімен қоса жастар көп келіп жатыр. Бүлдіршіндерін ертіп келген жас отбасылардың қарасы көп. Арқа-жарқа болып дауыс беріп, тарихи сәтті суретке түсіріп жатқандары еліміздің болашағына нық сеніммен қарағандары деп білемін», – деді.
Илияс Байбөрінов – «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, «Ақ Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы .