"Елдің бірлігі біздің қолымызда": Нұрлан Абдуллин Алматыда референдумда дауыс берді
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақстандық әнші, тележүргізуші Нұрлан Абдуллин Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі референдумда дауыс берді. Артист №17 мектеп-интернатта орналасқан № 387 сайлау учаскесіне барды, деп хабарлайды turkystan.kz Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Менің ойымша, елдің бірлігі біздің қолымызда. Бүгін біздің азаматтар келіп дауыс беріп, өздерінің пікірін білдіріп жатыр. Бұл еліміздің және біздің ұрпақтың болашағы үшін үлкен шешуші сәт», – деді Нұрлан Абдуллин.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.