Түркияда Наурыз тойының соңы наразылық шеруіне ұласты

Түркияда Наурыз тойының соңы наразылық шеруіне ұласты

Түркияда Наурыз тойының соңы наразылық шеруіне ұласты
ашық дереккөзі
Түркияның шығыс аймағындағы Диярбакыр провинциясында өткен Наурыз мейрамы саяси науқанға ұласып кетті. Бұл туралы24.kz тілшісі хабарлады.   10 мыңнан аса халық жиылған орталық алаңда Халықтық демократиялық партиясының белсенділері сәуір айының 16-сы күні өтетін жалпыұлттық референдумда ел-жұртты Конституциялық реформаны қабылдамауға үгіт-насихат жүргізген. Елдегі бас құжатқа өзгеріс енгізуге үзілді-кесілді қарсы шыққандардың пайымынша, жаңа Конституция демократиялық құндылықтарды түп-тамырымен жойып, мемлекетті авторитарлық жүйеге алып келеді. Айта кеткен жөн, Диярбакыр тұрғындарының дені күрдтер. Соңғы сайлауда осындағы жергілікті халықтың қолдауына ие болған Халық демократиялық партиясы парламенттен ойып тұрып орын алған болатын. Алайда қазір бұл партияның жетекшілері үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оларға Түркияда террорлық ұйым деп танылған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деген айып тағылуда. Мехмет Айылмаз, Диярбакыр провинциясының тұрғыны: - Референдумда «жоқ» деп дауыс берушілер басым түссе, онда демократиялық құндылықтарды сақтап қаламыз. Егер керісінше, Конституцияға жаңа өзгерістер мен толықтырулар қабылданып кетсе, ел тағдырын тек бір адамның қолына тапсырып қоямыз. Бұл жүйе бізді хаосқа апарады.