Жаңалықтар

«Ел өркендеуі керек»: Асанәлі Әшімов референдумда дауыс берді

Қазақстанның Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр әрі кино актері және режиссері Асанәлі Әшімов республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ киносының аңызы жұбайымен бірге Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицейінде орналасқан №382 сайлау учаскесінде дауыс берді. 

Өнер қайраткері референдумның еліміз үшін маңызын атап өтті.

«Бұл – біздің азаматтық борышымыз, оны елеусіз қалдыруға болмайды. Мемлекет халықтың шешім қабылдауына мүмкіндік берді. Сондықтан референдумда дауыс беру маңызды. Ел өркендеуі керек, бұл біздің қолымызда!», – деді Асанәлі Әшімов.