Семейде мүгедектігі бар жандар инвотакси арқылы сайлау учаскесіне келіп дауыс беріп жатыр
Семей қаласының тұрғыны Сергей Жданов өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, инвотакси арқылы №64 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ол екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат.
Мен еліміз үшін өте маңызды республикалық референдумда өз таңдауымды жасағаным үшін өте қуаныштымын. Еліміздегі барша азамат рефернедумда өз таңдауын жасау керек деп ойлаймын. Сондықтан бүгін инвотакси арқылы мен өз таңдауымды жасадым. Сайлау учаскесінінің атмосферасы керемет, – деді Сергей Жданов.
Айта кетейік, Семей қаласының сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдай жасалған. Референдум учаскелерінде құлаққаптар, Брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка, қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар, сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар дауыс берушілерге қала бойынша 16 арнайы көлік бөлінді. Олар сайлаушыларды үйінен сайлау пунктіне жеткізеді.