Жаңалықтар

Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсады

Әлеуметтік желіден

Бұл туралы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсеміз желідегі парақшасында жазды

АҚШ-тың Джорджия штатында тұратын отбасы асырап алған қазақ қызы Динара өзіне қол жұмсады.

Бұл туралы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсеміз желідегі парақшасында жазды.

Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті.

Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?!

Сұрақ көп, жауап жоқ…

Неткен өкініш…

Неткен қасірет…

Динара, кешір мені, кеш бізді… Рухың пейіште шалқысын. Жап-жарық едің…

Қош бол, Жарық Күн. P.S. Динараның қазасын туған анасына қалай айтарымды білмей, құлазып отырмын, - деп жазды ол.