Жаңалықтар

Бірлігіміз жарасқан: Абай облысы Үржар ауданында тұтас көше тұрғындары бірге дауыс беруге барды (ВИДЕО)

Абай облысы Үржар ауданында дауыс беру ерекше қарқынмен өтіп жатыр. Аудандағы Абай мен Махметов көшелерінің тұрғындары, 40-тан астам адам, өздерінің азаматтық ұстанымын білдіру үшін бір уақытта жиналды.

Бұл – қоғамның белсенділігі мен бірлігінің айқын көрінісі болды.

Мұндай ұжымдық белсенділік көршілер арасындағы татулықты нығайтып, ынтымақ пен бірлік қоғам өміріне оң ықпал ете алатынын көрсетеді. Аудан халқы бұл тек дауыс беру емес, сонымен қатар демократиялық үрдістерге белсене қатысуға ашық екендерін көрсететін мүмкіндік деп есептейді.

Біз болашағымыз бен балаларымыздың болашағы үшін таңдау жасауға келдік. Бұл – баршамызға маңызды, – деді дауыс берушілердің бірі.